Әлеуметтік желіде қылмыс әлемінің серкесі Дикий Арманның (Арман Жұмагелдиев) Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының боксшыларына ақша үлестірген видео тарады, – деп жазады Sports.kz.
«Медальсыз болса да, ақшасы бар», – деп жазылған видеоның жазбасында.Видеода Дикий Арманның Қазақстан құрамасының боксшыларына ақша үлестіргені көрсетілген. Әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының бес өкілі шықты.