Алматыда бұрынғы әріптесін зорлаған ер адам 6 жылға сотталды
Алматыда бұрынғы әріптесін зорлаған ер адам 6 жылға сотталды
© inbusiness.kz
177
оқылды
Танысын зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, сот Ш. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істің нүктесін қойды.
– Жаңа жыл қарсаңында Ш. есімді азамат алаяқтық жолмен, бірлесіп корпоративтік жаңажылдық кештер ұйымдастырамыз деген сылтаумен өзі бұрын бірге жұмыс істеген танысы Б. есімді азаматшаны келіссөздер жүргізуге шақырған. Осы мақсатта ер адам алдын ала жалға берілетін пәтерді жалдап, онда жәбірленушіні қатты ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлаған, сондай-ақ жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарымен Ш. есімді азаматтың кінәсі толық дәлелденді, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Медеу аудандық сотының үкімімен Ш. есімді азамат ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.