Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
© wikipedia.org
«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.  5-6 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. 5 қараша күні түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз тәулік бойы, 6 қараша күні өңірдің басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 5 қараша күні тәулік бойы, 6 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. 5 қараша күні Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылордада 5 қараша күні жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 5-6 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында күші желдің секундына 15-20 метрге, 5 қарашада таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с болады. Шымкентте 5 қарашада шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістанда 5 қарашада шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 5 қараша күні Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с болады. Көкшетауда 5 қарашада күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с-қа жетеді.