БҚО-да «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасы аясында алғашқы нәресте дүниеге келді
БҚО-да «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасы аясында алғашқы нәресте дүниеге келді
Фото: twitter.com
592
оқылды
Батыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасы аясында алғашқы нәресте дүниеге келді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке биылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы бағдарламаға сәйкес 34 жастағы Ольга Н. (әйелдің сұрауы бойынша есімі өзгертілді) Алматыдағы репродуктивті медицина институтының репродуктолог дәрігері Людмила Бадельбаеваға жүгінді. Мұның алдында ол төрт жыл емделгенімен, нәтижесі болмаған екен. Енді, міне, «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында оның арманы орындалып, әйел өмірге салмағы 3250 грамм қыз баланы әкелді. Басқарма мәліметіне қарағанда, қазір анасы мен қызының дені сау. Нәресте аман-есен өсіп келеді.