Алматыда ұры сканер көмегімен бөтеннің көлігін ашып, одан 20 миллион теңге алып кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Бұрын қылмыс жасағаны үшін сотталған Қарағанды облысының 51 жастағы тұрғыны күдікке ілінген.
"Оқиға 28 қазанда сағат 10:30-да болған. Т. есімді азамат Гоголь мен Төлебаев көшелері қиылысында тұрған Mercedes көлігін заңсыз ашып, 20 миллион теңге ақша ұрлаған. Күдікті Қарағанды облысында ұсталды. Ер адам ұрланған ақшаның бір бөлігін жеке жұмсап үлгерген. Қалғаны тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша Медеу аудандық ПБ тергеп жатқан қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.Күдікті дабыл жүйесін сканерлеу арқылы көлікті ашқан. Бұл қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.