БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 қараша күні сағат 16.30-да Сарайшық көшесіндегі 92/1-мекенжайында болды. Сонда тұратын 35 жастағы ер адам жер қазу жұмыстары кезінде минаға ұқсас зат тапқан. Мамандардың пайымдауынша, бас жарылғышы жоқ, танкіге қарсы қолданылатын мина Азамат соғысы кезінен қалған. БҚО Полиция департаментінің саперлары минаны қауіпсіз жерге, полигонға шығарып, сағат 18.12-де жойды. Зардап шеккендер жоқ.