"Төрешілердің жұмысы ұнамады" – Бақыт Сәрсекбаев
"Төрешілердің жұмысы ұнамады" – Бақыт Сәрсекбаев
Фото: YouTube
238
оқылды
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Белградта өтіп жатқан бокстан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігі жайлы  пікір білдірді, – деп жазады Vesti.kz. "Әлем чемпионатында жұмыс істеп жатқан төрешілердің жұмысы ұнамады. Токио Олимпиадасымен салыстырғанда Сербиядағы әділқазылардың жұмысына көңілім толмады. Шымбергенов әлем чемпионы болады деп ойлағам. Біздің жігіттерге физикалық дайындық жетіспейді. Өкінішке қарай, бұған көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ. Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан барлық жігіттерге сәттілік тілеймін. Шынымды айтсам, жекпе-жектерді қарап отырып, боксшылардан ләззат алмадым. Кәсібилік жоқ. Ашық-жарқын әдемі бокс көрсету керек. Нокдаун мен нокауттар көрсету керек. Олимпиада ойындарынан кейін мықты боксшылар әлем чемпионаттарында жақсы жұдырықтаспайды. Қайрат Сәтжановта Париж Олимпиадасына дейін 2,5 жыл уақыт бар. Әлем чемпионатына Қазақстан чемпионы болмағандарды алып барды. Қазақстан чемпионы атанғандар әлем біріншілігіне не себепті бармағанын түсінбеймін. Қазірден бастап мықты команда жасақтау керек. Бақтияр Артаев кәсіпқой бокста жүрген жігіттерді тарту керек деген болатын. Артаевтың болжамы келмеді. Себебі, Бек Нұрмағамбеттің Сербиядағы нәтижесінен көруге болады. Әуесқой бокс – спринт. Кәсіпқой бокс – марафон", - дейді Олимпиада чемпионы.