Ақмола облысында жанармай құю бекетіне балтамен шабуылдаған адам ұсталды
Ақмола облысында жанармай құю бекетіне балтамен шабуылдаған адам ұсталды
Фото: yandex.kz
141
оқылды
Ақмолалық жанармай құю станциясындағы мүліктерді балтамен сындырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 3 қарашада Целиноград ауданының полиция бөліміне ЖШС директорынан телефон хабарламасы келіп түсті. Арызданушы полицейлерге шамамен түнгі сағат 00.30-да алкогольдік масаң күйде болған белгісіз ер адам балтамен автожол бойында орналасқан жанармай құю станциясындағы терезені, жиһазды және компьютерді сындырғанын айтты. Дереу келген учаскелік полиция инспекторлары Серік Бухаев пен Мейрам Қожанов қаскүнемді оқиға орнында ұстады. Ол жақын маңдағы ауылдың 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.