Сәкен Бибосынов таиландтық қарсыласын жеңіп, финалға шықты
Сәкен Бибосынов таиландтық қарсыласын жеңіп, финалға шықты
Фото: qamshy.kz
156
оқылды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов  Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Бибосынов таиландтық Танарат Саенгфетпен кездесіп, төрешілердің  шешімімен оны жеңді. Осылайша, Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының финалына шығып, өзіне кем дегенде күміс медальға кепілдік берді. Айта кетейік, биыл Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Енді кешкі сессияда Қазақстан құрамасынан  жартылай финалда Серік Теміржанов (57 келі) өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан  Абылайхан Жүсіпов (67 кг) қола  алса, Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Махмұд Сабырхан (54 кг) "алтын" үшін таласады.