Махмұд Сабырханның финалдағы қарсыласы анықталды

Махмұд Сабырханның финалдағы қарсыласы анықталды

Қазақстан боксшысы Махмұд Сабырханның Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының финалындағы қарсыласы белгілі болды.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі  бойынша турнирдегі шешуші жекпе-жекте Сабырхан француз боксшысы Билал Беннамды төрешілерінің шешімімен жеңген жапондық Томоя Цубоймен кездеседі. Махмұд Сабырханға келетін болсақ, ол жартылай финалда үнді боксшысы Акаш Кумарды жеңді (5:0). 2021 жылғы әлем чемпионатында ресейлік БАҚ  тарапынан "қазақтың  Ломаченкосы" деген лақап атқа ие болды.