"Қайрат" өз алаңында "Карабахқа" есе жіберді
"Қайрат" өз алаңында "Карабахқа" есе жіберді
181
оқылды
Футболдан UEFA конференция лигасы топтық кезеңінің төртінші турында қазақстандық «Қайрат» Әзербайжанның «Карабах» командасына есе жіберді. Алматыда өткен кездесуде «Қайрат» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. 58-минутта Ибрахима Ваджи есеп ашса, Канте есепті теңестірді. Бірақ 72-минутта Абделла Зубир көзге түсіп, «Карабахқа» жеңіс сыйлады. Енді «Қайрат» алдағы ойынын 25 қарашада Алматыда Швейцарияның «Базель» командасына қарсы өткізеді.