Жаңа зауыт ашылды
Жаңа зауыт ашылды
182
оқылды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелерімен бірге Ақтау қаласында «Новые трубные технологии» ЖШС-ның құбырларды оқ­шаулау зауытының ашылуына қатысты. Бұл – еліміздегі осындай жұмыстарды жа­сай­тын алғашқы өндіріс. 

«Маңғыстауда тағы бір жаңа бизнес ны­са­ны ашылғалы отыр. Ол халық үшін де, билік үшін де, жергілікті ірі кәсіпорындар үшін де, әри­не осыны ашқан бизнес өкілі үшін де өте маңызды.Тұр­ғындарға жұмыс орны ашылады, мемлекет бюд­жетіне салық түседі және қаржы іште айна­ла­ды, ірі кәсіпорындар тез арада сапалы және жер­гі­лікті тауармен қамтамасыз етіледі. Бұл процестен бар­лығы да ұтады», – деді Нұрлан Ноғаев. Осындай жобалардың Қазақстан үшін маңы­зы­ның зор екенін Елбасымыз Тәуелсіздік алғалы ай­тып келе жатыр. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев та биылғы Жолдауында «Қа­ра­пайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұла­сатынын және бұл мақсатқа кемінде бір трил­лион теңге бөлінетінін айтқан болатын. Со­нымен қатар бизнесті оңтайландыратын заңдар және өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған «Өнеркәсіп саясаты туралы» жаңа заңның жобасы Парламентте қазір қаралып жатыр. Биыл дербес тәуелсіз мемлекет болғанымызға 30 жыл. Осы жылдары отандық кәсіпкерлер аяғы­нан тұрып, осындай өндірісті ашуға қол жеткізді. «Бұл мемлекетімізде бизнесті дамытуға жа­салған жағдайдың нәтижесі. Сондай-ақ әртүрлі қиындықтарға қарамай табандылық көрсеткен кәсіпкер азаматтардың еңбегі. Қытайда «дағдарыс» деген сөз екі иероглифпен суреттеледі екен. «Қауіп» және «Мүмкіндік» деген. Біздің жігіттер пан­демияда кезіндегі қауіптерге қарамастан өз мүм­кіндіктерін жіберген жоқ! Бұл – өте маңызды жеңіс!» – деді ол. Облыс әкімі осы зауытты салу идеясынан бас­тап, іске асуынан дейін қызмет еткен барлық аза­­маттарды, оның ішінде Маңғыстау облысы кә­сіпкерлік палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Тәжімұрат Найзабековті құттықтады. Сондай-ақ ел экономикасы мен әлеуметтік мәселелерін ше­шетін осындай нысандар көптеп ашылуына тілек біл­дірді. Жобаның құны – 5 млрд теңге. Қуаты – 340 км не­месе жылына 8 500 тонна құбыр. Жұмыс орны – 200 адам.  

Би-Барыс КӨКШЕ