Халықаралық стандартқа сай өнім шығарады
Халықаралық стандартқа сай өнім шығарады
237
оқылды

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Екібастұздағы теміржол кластерімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі  хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен «Проммаш­комп­лект» теміржол дөңгелектерін шығаратын зауыт­тың жұмысымен танысып, өндіріс барысын көр­седі, Президентке жұмысшыларды әлеуметтік қол­дау шаралары, кәсіпорынның экспорттық әлеуеті мен одан әрі жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді. 2012 жылы салынған зауыт 700-ден 1250 мм-ге дейін­гі әртүрлі диаметрлі және дискілі конс­трук­ция­дағы теміржол дөңгелектерін шығарады. Зауыт жы­лына 300 мың дана өнім шығарады. Компанияда 750-ге жуық адам жұмыс істейді. Бұдан кейін Президент серпінді клеммалар мен бұ­ран­далар шығаратын «Ферротранстрейд» зауы­тын іске қосты.
– Бүгінде Екібастұз еліміздің теміржол машина жа­сау орталығына айналды. Қала кәсіпорындары өнер­кәсіп өнімінің 73 пайызын құрайды. Олар жыл сайын теміржол саласына қажетті 85 миллиард тең­ге­нің өнімін шығарады. Оның 70 пайызы экспорт­тала­ды. Бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ «Фер­рот­ранстрейд» зауыты іске қосылды. Бұл жер­ден ха­лықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін ком­поненттерді шығарады. Жаңа өндіріс толық кү­ші­не енгеннен кейін «Қазақстан темір жолы» ұлт­тық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды импорттамайтын болады– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерінен жа­салған көрмені аралап, зауыттың еңбек ұжы­мы­мен кездесті. Бұл жерде 160 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына рельс бекітетін 3 миллион жинақ жә­не 4,5 миллион дана полимерлі төсеу құралын шы­ғарады.