Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Мейірімділік эстафетасына «Nur Otan» партиясының мүшелері, депутаттар, жалпы, ауыл, аудан, қала тұрғындары белсене қатысты.
Олар жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіріп, көмек көрсетті. Мәселен, осы жолы зеренділік депутаттар Асқар Байқанов пен Әсемгүл Әшімова партияның «Кедергісіз келешек» және «30 игі іс» жобалары аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен аудандық спартакиаданың демеушілері ретінде ынталандыру сыйлықтарын алып беруге көмектесті. Атбасар ауданында «Жанқадамов» жеке кәсіпкерлігі мүмкіндігі шектеулі екі азаматқа 100 мың теңгенің дәрісін алып беруге көмектессе, «Дента-Сервис» тіс емханасы мүмкіндігі шектеулі бір азамтқа тегін қызмет көрсетіп, тісіне протез орнатты. Сондай-ақ партиялықтар мұқтаж жандарға азық-түлікпен де көмектесіп тұрады.Би-Барыс КӨКШЕ