Әлем чемпионаты басқа елде өтеді
Әлем чемпионаты басқа елде өтеді
160
оқылды

Елімізде өту керек болған ерлер мен әйелдер арасындағы ММА бойынша әлем чемпионаты Әбу-Дабиге ауыстырылды. Бұл туралы Ресейдің ММА одағының президенті Радмир Габдуллин мәлімдеді.

Бастапқыда турнир қараша соңы мен желтоқсан басында Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарланған еді. Енді турнирдің уақытын қаңтардың соңына ауыстырды.
– ММА-дан әлем чемпионаты 2022 жыл 24-29 қаңтар аралығында Әбу-Дабиде өтеді. Уақыты мен орны пандемияға байланысты мәж­бүрлі түрде өзгертілді. Бұл Ресей құрамасы үшін қиындықтар тудырады, спортшылар Қазақ­станның климаттық жағдайына желтоқсан айына дайындалды. Турнирдің бекітілген бюджеті мен демеушілер қаражаты тағы бар. Енді ыстық жерге барамыз, қо­сымша оқу-жаттығу жиынын өт­кізу керек болады, – деді Радмир Габдуллин.
 

А.ЖАСАН