Егемендік ел несібесін арттырды
Егемендік ел несібесін арттырды
222
оқылды

Сыр бойындағы агро­өнер­кәсіп кешенінде еліміз тәуел­сіздігін алған 30 жыл ішінде тұрақты өсу үрдісі бар. Биыл жауын-шашы­нның жылдағы­дан аз түсуі де шаруаларға ауыр тиіп, кейбір аудандарда қуаң­шылық болғанымен, өңір дихандары қиын­дықты ең­серіп шықты.

Жалпы, Сыр бойындағы агро­өнеркәсіп кешенін қолдау 2003 жыл­дан бастап қолға алынып, об­лыс­тың ауыл шаруашылығын түле­туге 142,8 млн теңге жұм­сал­ды. Ал былтыр ауыл шаруа­шылығын мемлекеттік қолдау көлемі 14,6 млрд теңгеге артып, 14,8 млрд теңгені құрады. Осының арқасында салада дамудың оң серпіні қалыптасты. Сөзімізді сандармен нақтыласақ, соңғы 10 жылда облыстың ЖӨӨ құры­лымын­­дағы ауыл шаруа­шылығы­ның үлесі 4,3%-дан 5,9%-ға дейін өсті. Өткен 2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру кө­лемі 143,6 млрд теңгеге дейін жет­ті. Тәуелсіздік жылдарындағы толымды жетістік­тердің бірі ретінде егістік көлемінің артуын айтса болады. Мәселен, 2001 жылмен салыстырғанда бү­гінде егіс көлемі 43,5 мың гектарға ұлғай­тылып, 184,3 мың гектарды құра­ды. Оның ішінде аймақтың негізгі дақылы – күріш егісінің көлемі 89,6 мың гек­тарға жет­ті. Тұқым шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың арқа­сында 2016 жылдан бастап егіл­ген егіс көлемінің 100% жо­ғары репродукциялы тұқым­мен себілуде. Бұл облыс бойынша соң­ғы 25 жылда болмаған көр­сеткіш екенін айта кет­кен жөн. Жыл сайын облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 500 мың тоннадан астам күріш жи­найды. Тәуелсіздік алғанға дейін өңір­де күріш ақтайтын бірнеше ғана зауыт болатын болса, бүгінде аймақта 76 күріш ақтау зауы­ты жұмыс істейді. Бұл зауыт­тардың жылдық қуаттылығы –  514 мың тонна. Мал шаруашылығында да ең табысты делінетін 1991 жылмен салыстырғанда едәуір өсім байқа­лады. Мәселен, ірі қара мал басы 1,5 есеге, жылқы 2,3 есе, түйе 2 есе өс­­кен. Ауыл шаруашылығының әлеу­­еті артқан сайын, азық-түлік өнді­рісі де алға басты. Еттің экспорттық әлеу­етін дамыту үшін қуаттылығы 6 мың басқа арналған 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Жыл сайын ауыл шаруа­шылығы өнімдері экспортының көлемі артып келеді. Өңірде ауыл шаруа­шылы­ғы өнімдерінің (кү­ріш, ба­лық, көкөніс және бақша өнімдері) экспорты 2004 жылдан басталды. Соңғы 16 жылда ауыл шаруа­шылығы өнімдері экс­порты­ның көлемі 2,8 есе өсті. Өт­кізу нарығындағы мем­лекет­тердің  қатары 4-тен 19 елге дейін кеңейді. Облыс әкімі Гүл­шара Әбді­қалықова күзгі егін нау­қа­нын қорытындылайтын «Алтын дән-2021» мерекелік іс-шара кезінде ауыл шаруашылығын әртарап­тандыру арқылы суға деген тәуел­ділікті азайту мүмкін болғанын айтады. – Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­ды­ғы қарсаңында облыс диқан­дары биыл вегетация кезінде су тап­шы­лығына және басқа да қиын­дықтың бәрін еңсере отырып, аянбай еткен еңбектерінің арқасында 500 мың тоннаға жуық Сыр күріші ел қамбасына құйыл­ды. Соңғы жылдары егіс алқап­тарын әртараптандыру бағытында жүйелі шаралар атқарылуда. Атап айт­қанда, жалпы егіс көлемі 5 жылда 6,9 мың гектарға ұлғайып, әртараптандыру бағытында мал азғындық дақылдар  6,3 мың гек­тарға, картоп, көкөніс, бақша дақыл­дары 1,7 мың гектарға, ал күріштен басқа дәнді дақыл көлемі 6,4 мың гектарға көбейді. Су­ды көп қажет ететін күріш кө­лемі былтырғыдан 6 мың гектарға азайтылды. Оның орнына әр­тарап­тандыру бағытындағы да­қыл­дардың егіс көлемдері 9,8 мың гектарға дейін жетті, – деді Гүл­шара Әбдіқалықова. Бүгінде құны 20,6 млн АҚШ долларын (61,0 мың тонна) құ­райтын өңірдің ауыл шаруа­шылығы тауарлары 15 мемлекеттің сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Биыл облыстан Германия, Нидерланд мемлекеттеріне 886 тонна қамыс, Аустрия, Литва, Польша, Грузия, Нидерланды, Украина, Германия мемлекеттеріне 1 780 тонна балық, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Ирак елдеріне 58 237 тонна күріш өнімі жөнелтілген. Осы мерекелік іс-шара аясында ауыл еңбеккер­лері жылдағы әдетінше қала тұрғындарына жәрмеңке өткізіп, 340 жүк көлігіне тиелген 1000 тоннадан астам өнімді базардағыдан төмен бағада ұсынды. Атап айтқанда, күріш 220 теңгеден, сиыр еті 1 750 теңгеден, пияз 80 теңгеден, картоп 170 теңгеден, балық өнімдері 1 000 теңгеден саудаланды. Молшылық тойына барлық аудандардан 190 тоннадан астам ақталған күріш, 140 тоннаға жуық картоп, 40 тонна пияз, 320 тоннадай көкөніс, 180 тоннадай бақша өнімі, 40 тонна асқабақ, 20 тоннадай ет өнімі, 40 тонна балық өнімі, 7 тоннадан астам сүт өнімі, 40 тоннадан астам мал азығы жеткізілді. Жәрмеңке 4 желтоқсанға дейін әр апта сайын өт­кізіле береді. Аймақ басшысы қызылорда­лық­тарды ел Тәуел­сіздігінің 30 жылдық мерейтойымен және «Қала күні» мерекесімен құттық­тап, ұлттық спортты дамытуды көздейтін мәдени-спорттық ша­ра­лардың мәні зор екенін тілге тиек етті. – Кез келген елдің ұлылығын мәдениеті мен салт-дәстүрі танытса, соның ішінде ұлттық спорт ойындарының орны ерекше. Әсіресе, айбарланып атқа қонып, елдің шебін қорғаған қазақ үшін жылқы ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Қазақ ұғымында жылқы тектіліктің бірден-бір нышаны саналады, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Ат бәйгесіне 50-ден астам шабандоз қатысты. Аламан көркін қыздырған қатысушылар арасында тай бәйгені ақтөбелік Нұрасыл Айтжан иеленсе, құнан бәйгені алматылық Арнат Мұратхан алды. 15 шақырымды енсерген тоқ бәйгеде жүлделі ІІІ орын қызыл­ор­далық Ерасыл Рахатқа бұйырса, ІІ орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Ансар Арыстанбек алды. Ал І орынға қызылор­далық Мейіржан Досжанов лайықты деп танылды. Жеңім­паздарға сертификаттарды Ұлт­тық ат спорты федерациясының президенті Айтбай Көшербай табыстады. 25 шақырымдық аламан бәй­генің ІІІ орыны ақтөбелік Дәуір Ильясқа бұйырды. ІІ орынды қызылордалық Сейтжаппар Дидар иеленді. Ал аламанда алма­тылық Арнат Мұратхан І орынды алды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жеңімпазға 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы