5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: qazaqstan.tv
151
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ауа температурасы төмендейді. Тек оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында фронттардың әсерінен қар жауады, жаяу бұрқасын көтеріледі. Жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі. Түркістан облысының солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Солтүстігінде шаңды дауылмен бірге жел тұрады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Таулы аудандарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде түнде және таңертең тұман, Алакөл көлдері маңайында желдің күші – 17-22 м/с. Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді, орталығында шаңды дауыл соғады. Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында, шаңды дауыл тұрады. Атырау облысының солтүстігінде, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман түседі. Қостанай облысының батысында тұман, солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.