Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам көз жұмды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 25 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жариялады. 3 қарашадағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус пневмониясының 120 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, 170 адам емделіп шықты. Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан 3 қарашаға дейін ауырғандар саны – 80 068, қайтыс болды – 5 059, жазылып шықты – 69516 адам. Сондай-ақ министрлік мәліметіне сәйкес, 3 қарашада елімізде коронавирус инфекциясынан 23 адам көз жұмды. 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 4 қарашаға дейін індетті жұқтырғандар саны – 945 922 адам, көз жұмғандар – 12 204 науқас, жазылып шыққандар – 896 581 адам.