Бизнесі банкрот болғандар көбейді
Бизнесі банкрот болғандар көбейді
375
оқылды

Коронавирус пандемиясының кесірінен туындаған экономикалық қиындықтар көптеген кәсіпорын мен компанияны банкрот етті. 2021 жылдың тоғыз айының есебі бойынша, Қазақстанда банкротқа ұшыраған компаниялардың саны былтырғымен салыстырғанда 3 есе өскен.

Экономикалық ынтымақ­тас­тық және даму ұйымы (ОСЭР) мем­лекеттерінде жұмыс орында­рының 60%-ы және ішкі жалпы өнімнің 50%-ы шағын және орта бизнеске тиесілі. Бұл елдер індет кезінде өздерінің отандық компа­нияларына пәрменді қолдау көр­сетті. Ол үшін кәсіпорындардың тө­лем қабілеттілігін қалпына кел­тіру, олардың өнімдеріне де­ген ішкі сұранысты арттыру, банкрот­қа ұшырау процедурасын жеңіл­дету және кәсіпке қатысты ше­шімдерді жеделдетіп шығаруға бағытталды. Ал Қазақстанда шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнім­дегі үлесі 30,8%-ды құрайды. Бұл салада 3,3 млн ел азаматы жұмыс­пен қамтылған, ол еңбек етіп жүр­гендердің 37%-ы шамасында. Кәсіпкерлік субъектілерінің төрт­тен бірі және жұмыспен қам­тылғандардың жартысына жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалала­рында тіркелген.

Дағдарысқа ең көп ұрынған салалар

Қаржы министрлігі Мемле­кеттік кірістер жөніндегі коми­теттің есебіне сүйенсек, панде­мияға дейінгі 2019 жылы банкрот болған компаниялардың саны 1 218 болса, олардың қарызы 2 трлн теңгеден асқан. 2020 жылы бұл көрсеткіш сәйкесінше 422 және 5 трлн теңгені құрады. Ал 2021 жылы 1 315 компания бан­кротқа ұшырап, былтырғы дең­гейден үш есе өскенімен, олардың қарызы мұның алдындағы жыл­дармен салыстырғанда біршама аз – 1,5 трлн. 2020 жылы індеттің кері әсері, әсіресе көтерме және бөлшек сау­да саласындағы бизнес ны­сан­дарына ауыр тиді, сауда-саттық секторындағы 219 компания бан­крот болды. Сондай-ақ дағ­дарысқа қатты ұшыраған сектор­дың бірі – құрылыс саласы. Был­тыр 91 құрылыс кәсіпорны қым­бат­шылыққа төтеп бере ал­май, жабылып қалды. Үшінші орында өңдеу өнеркәсібі тұр, олардың 13-і жұмысын тоқтатқан. Дегенмен 2019 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ба­н­крот болған кәсіпорындар саны азай­ған. Пандемияның алғашқы жылында 761 кәсіпорын жабылып қалған екен. Әйтсе де, олардың тек біреуі ғана ірі компания бол­са, жетеуі орта және 753-і ша­ғын кәсіпорын. Сондай-ақ банк саласында да шығын бар. Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігінің 2021 жылғы 24 маусымдағы №74 қау­лы­­­сына сәйкес Capital Bank Kazak­h­stan АҚ бағалы қағаздар на­ры­ғын­дағы банктік және өзге де опе­ра­циялар мен қызмет жүргі­зуге бе­рілген лицензиясынан айы­рылды. Лицензиядан айырған күнгі жағдай бойынша банк актив­терінің мөлшері 38,5 млрд теңге, несие портфелі 33,9 млрд теңге болған. Оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе банктің несие порт­фелінің 89,8%-ы тоқсан күннен аса мерзімі өткен кредиттер. Банк­тің өтімді активтерінің мөл­шері – 149 млрд теңге. Бұл ретте орындалмаған клиенттік төлем­дердің көлемі 15,0 миллиард тең­геден асқан. «2020 жылы банк акционері банктің қаржылық жағдайын жақ­сарту жөніндегі шаралар жос­парын ұсынды. Көрсетілген жос­парды орындау шеңберінде агент­тіктің қатаң бақылауымен банк 2020 және 2021 жылдары банктің депозиторлар алдындағы 31 мил­лиард теңге сомасындағы міндет­темелерін төмендетті. Жоспарды іске асыру шеңберінде әлеуметтік тұрғыдан маңызды ме­кемелер (мектептер мен ауру­ханалар) ал­дындағы міндетте­ме­лер толы­ғымен және квазимем­лекеттік сектор алдындағы міндетте­ме­лердің айтарлықтай бөлігі өтелді. Бірақ банк және оның акцио­нері қабылдаған шаралар оның қаржылық жағдайын тұрақтан­дыруға әкелген жоқ. Банк пру­ден­ция нормативтерін бұзуды жалғастырды және клиенттері алдындағы төлемдер мен ауда­рымдар бойынша міндеттемелерін орындамады», – делінген агенттік таратқан ақпаратта. Енді банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 99% депозит­тері «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепіл­дігімен өтелетін болды.

Құрылыс саласының қаупі көбейді

Пандемия экономиканың барлық саласы мен логистикаға орасан зор салмақ түсірді. Егер бұған дейін құрылыс жергілікті жердің экономикасын ілгері сүйреп, өңірдің жалпы ішкі өні­мін құраушы басты сектор болса, қазір бұл саланың да басына үлкен қауіп төніп тұр. Жыл ба­сынан бері құрылыс материалдары 38-40 пайызға, тіпті кейбірінің 100 пайызға қымбаттауы құ­рылыс компанияларына аса ауыр тиді. «Қазақстан құрылысшылар одағы» ЗТРБ төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, қымбат­шылыққа байланысты Құрылыс істері жөніндегі комитет баға бойынша арнайы регламент әзір­леген болатын. Оны дайындауға Құрылысшылар одағы да белсенді атсалысқан. Бұл құжатта елордада және өңірлерде материалдардың қаншалықты қымбаттағаны, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан нысандар үшін қаншалықты қосымша қаржылай көмек көрсетілуі керек екені нақтылы белгіленген. банкрот «Бағаның қымбаттауы мен індеттің салдарынан болған дағ­дарыс құрылыс компанияларына, әсіресе мемлекеттік бағдарла­ма­лар бойынша жұмыс істеп жатқан ұйымдарды қатты шығынға ба­тырды. Соның салдарынан олар­дың 20 пайызы банкротқа ұшы­рауы мүмкін. Үкімет материал­дардың қымбатшылығын жер­гілікті атқарушы органдар өтеу керек дейді, бірақ республикадағы 17 өңірдің 13-і дотациялы бол­ғандықтан, олар құрылыс ком­панияларына қажетті қаржыны тауып бере алмайды. Тіпті, жер­гілікті атқарушы органдардың бюджетінде материалдардың қым­баттауын өтеу бойынша сме­та көрсетілмеген»,– дейді Талғат Ерғалиев. Үкімет, әлбетте сметаны қайта қарауға қарсы емес, бірақ оны шешуді жергілікті бюджеттің мой­нына лақтыра салуы тығы­рыққа тіреп отыр. Онда да егер құрылыс жұмыстары 50 пайыздан кем орындалған жағдайда ғана материалдардың қымбатшы­лы­ғына қатысты өтемақы төленуі мүмкін делінген. Сондай-ақ өзде­рі республикалық бюджеттен дотация алып отырған жергілікті бюджеттің құрылысқа миллион­даған теңге өтемақы төлей ал­май­тыны о бастан түсінікті. Сондық­тан да әкімдер мен кейбір ведом­стволар өтемақы туралы өтініш­терді мүлдем қарамайтын болған. Қазір Қазақстанның құры­лысшылар одағы өтемақы төлеу бойынша бір мәмілеге келу үшін Үкіметпен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Ал бұл мәселе оңтай­лы шешілмесе, жағдай қатты ушы­ғып кетуі сөзсіз. Егер республика бойынша құрылыста 700 мыңға тарта адам жұмыс істейтінін ескерсек, онда қаншама адамның жұмыссыз қалатынын көз алдыңызға елес­тете беріңіз. Олар жұмыс іздеп бас­қа елдерге көше ме, басқа са­ла­ларға ауысып, мамандығын өз­герте ме, ол басқа әңгіме. Ал көп­шілігі ешқайда кетпей, жұ­мыссыздар армиясын көбейтетіні жасырын емес. Сондай-ақ бұл сектордағы дағдарыс басқа сала­ларға да теріс әсер етіп, үлкен әлеуметтік проблеманы тудыруы мүмкін.

Банкроттық институты бизнесті сауықтырады

Пандемия қай салаға болсын оңай тиіп жатқан жоқ, осындай жағдайда банкроттық институты бизнес үшін де, мемлекет үшін де өте қажет әрі пайдалы құрал болмақ. «Тілеулин және әріптестер» заң фирмасының басқарушысы Ілияс Тілеулиннің айтуынша, Бүкіләлемдік банк жыл сайын елдердің инвестициялық тартым­дылығын бағалап отырады, оның өлшемдерінің бірі – банкроттық процедураларының жағдайы. Банкроттық процедураларының нәтижелігі жөнінен Жапония көш бастап тұр. Бұл елде креди­торлар әр доллардың 92,1 центін қайтарып алады, ал процедура орташа алғанда 7 айға созылады. «Қазақстанның көрсеткіші Жапониямен салыстырғанда көп төмен, дегенмен ТМД-ның басқа елдерімен салыстыратын болсақ, айтарлықтай жоғары: банкроттық 1,5 жылға созылады, ал креди­торлар әр доллардың 38,9 центін алады. Егер 2018 жылғы рейтингке көз салсақ, Қазақстан 190 мем­лекеттің ішінде 37-орынға тұрақ­таған, бұл тізімде Ресей – 55, Бе­ларусь – 72, Қырғыз Республи­касы – 82, Өзбекстан 91-орында тұр»,– дейді Ілияс Тілеулин. Бұл көрсеткіштер Қазақстанда банкроттық институты жақсы же­тілгенін көрсетеді. Процедура­ның нәтижелігі мен креди­тор­лардың қанағаттанушылығы банкроттық кезінде кредитор­ларға берілетін артықшы­лық­тармен айқындалады. Айта кету керек, бұл артықшылықтардың кей бөлігі кредиторға тікелей берілмейді, банкроттық басқару­шы арқылы жасалады. 2014 жылы «Сауықтыру және банкроттық туралы» заң қабыл­данғалы бері Қазақстанда жыл сайын 1 000-ға тарта кәсіпорындар банкрот болады екен. Айта ке­тейік, сот олардың көпшілігін са­лық органдарының арызы бо­йынша банкрот деп таниды. Банкротқа көбіне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұшырап жатады. «Банкроттық экономикада қордаланып қалған қарыздардың проблемасын шешеді. Егер кәсіп­кердің сәтсіздігін кешіріп, қолдау көрсетпеген жағдайда олар кө­леңкелі бизнеске кетуге мәжбүр болады, сөйтіп салық төлеуден жалтарады. Яғни, елдің эконо­микалық өміріне қатыспайды. Нақ сол себептен көпшілік да­мыған мемлекетте банкроттық механизмі жақсы жұмыс істейді және бұл процедураны қарызды кешірудің заңды тәсілі деп қа­былдайды»,– дейді заңгер Ілияс Тілеулин. Заңгердің айтуынша, бізде көп жағдайда посткеңестік ке­ңістікте банкроттық процеду­ра­сына деген қате көзқарас басым, ал банкроттық процедурасын дұрыс қолдану кредиторға бері­летін артықшылықтар арқылы болуы ықтимал тәуекелдерден сақтайды.

Дәулет АСАУ