«Алпыстан астам адамнан 34 миллион теңге жинаған» – Айдос Шәріповті Германиядан экстрадициялады
«Алпыстан астам адамнан 34 миллион теңге жинаған» – Айдос Шәріповті Германиядан экстрадициялады
Фото: aniglobal.ru

«Шетелде жұмысқа орналастырамын» деген сылтаумен қазақстандықтарды алдаған Айдос Шәріпов Германияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Бас прокуратураның мәліметінше, алаяқтық жолмен ақша жинап, шетелге қашып кеткен. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан азаматы, 32 жастағы Айдос Қанатұлы Шәріповті экстрадициялады.

«Шәріпов жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастыру сылтауымен Қазақстан азаматтарына ірі көлемде залал келтірді деген күдік бар. Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шеккендерге келген залал сомасы – 34 млн теңге. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды» делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта Айдос Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Бұған дейін "Америкада көп ақша табамын" деп алданып қалғандар туралы жазған болатынбыз.