Қазақстанда жеке деректерін беруден бас тартқаны үшін азаматтарға жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Бюроның мәліметінше, халық санағына қатысудан бас тартқан азаматтарды жауапкершілікке тарту - әлемдік тәжірибе.
Қазақстанда бұл норма Қазақстанның «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 497-бабында жазылған. Бұл статистика органдары тарапынан қандай да бір қысым көрсетілетінін білдірмейді. Себебі, респонденттерді жауапқа тарту емес, жаппай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы барлық азаматтарды сауалнамамен қамту мақсаты қойылып отыр. Сонымен бірге сұхбат алушылардың алдында респондентке халық санағының маңыздылығы туралы түсіндіру міндеті тұрды, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Айта кетейік, Қазақстанда халық санағы үшінші рет өтіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұрынғы халық санақтарының қорытындысы бойынша ешбір респондент жауапкершілікке тартылмаған. 1 қарашада бақылау мақсатында аралау басталды, ол 8 қарашаға дейін жалғасады. Еске сала кетейік, Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйекте басталды. Оған қазақстандықтар онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысты.