Мұндай пікірді Ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің мүшесі Сергей Молчанов айтты.
Кейінгі екі жылдағы мәлімет бойынша, мәжбүрлі түрде емдеу мекемелерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселесіне баса назар аударуды қажет етіп отыр. Мәселен, 2019 жылы ҰАТ 62 мониторингтік тексеріс жасады. Оның ішінде, туберкулезге қарсы диспансерлер мен ауруханаларға – 20, психиатриялық ауруханалар мен наркологиялық стационарларға 42 рет барды. Былтыр 63 мониторингтік тексеріс жүргізілді. Оның үшеуі – арнайы тексеріс. ҰАТ Үйлестіру кеңесінің мүшесі Сергей Молчанов қаржыландыру көлемін арттыру маңызды мәселе екенін айтты. Себебі, көптеген мекеме күрделі жөндеуді немесе медициналық қажеттіліктер үшін арнайы салынған стандартты ғимараттарға ауыстыруды қажет ететін ғимараттарда орналасқан. Ең үлкен проблема – санитарлық-гигиеналық жағдай сын көтермейді. Сергей Молчанов былтыр санитарлық ережелердің жаңа нормалары шыққанын еске салды. Сол нормаға сәйкес, әр палатада ыстық және суық су жүргізілген раковина болуы керек, бірақ кейбір медициналық ұйымдарда олар атымен жоқ. Сондай-ақ, азық-түлік сатып алу, тамақтану нормалары да сақтала бермейді.ҰАТ қатысушылары анықтаған кемшіліктерді айтқан Сергей Молчанов кәмелет жасына толмаған азаматтардың жағдайына баса назар аударды.«Жылдар өтсе де, психиатрияда пациенттерді оңалту проблема болып қалып отыр. Медициналық мекемелерде оңалту көп болған сайын, күрделі жағдайдың да аз болатынын тәжірибе дәлелдеді. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары қолданылған аминазин сияқты дәрілік препарат қолданысы қайта қаралуы керек деп есептеймін. Ол моральды түрде ескірді. Ол 1996 жылдан бастап Еуропалық Одақта қолданылмайды. Оның нейроуыттылығы жоғары және көптеген жанама әсері бар. Қазақстанда оны балаларға да қолданады. Ми дамуы керек, ал нейролептиктер оған мүмкіндік бермейді», – деді Сергей Молчанов.
«Бірінші кезекте, бұл – балалардың минималды стандарттар бойынша тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз етілмеуі – бір балаға арналған шаршы метр нормасының бұзылуы. Балалар қалыпты өмір сүруін, емделуін, білім алуы мен дамуын қамтамасыз етпейтін жағдайда өмір сүреді. Тамақтану әрдайым сапа жағынан да, сан жағынан да жас ерекшеліктеріне сай келе бермейді. Емдеу процесінде дәрі-дәрмек көп қолданылады», – деді.
Сондай-ақ, балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерін жасыру, медициналық мекемелер қызметкерлері мен басшылығының ҰАТ туралы білмеуі де өзекті мәселе күйінде қалып отыр.