Тұрғындардың өтініші бойынша жол жөнделді
Тұрғындардың өтініші бойынша жол жөнделді
123
оқылды
«Халыққа көмек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Ескелді  аудандық филиалына Қарабұлақ ауылының тұрғындары Сычевский көшесі  жөндеу көрмегенін айтып, шағымданды. Осы мәселені қолға алуды өтінді. Осыдан кейін аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, «Қарабұлақ» БПҰ төрағасы Берік Оңалбайұлының қабылдауында Қарабұлақ ауылындағы Сычевский көшесінің жолын жөндеу мәселесі талқыланды. Мәселе оңынан шешіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы көшенің жолын жөндеуге  жергілікті бюджеттен 5 млн 998 мың теңге бөлінді.