Жылдамдықты шектеу белгілері орнатылды
Жылдамдықты шектеу белгілері орнатылды
Фото: egemen.kz
387
оқылды
Еңбекші аудандық партия филиалына Еңбекші ауданы Бадам-1 тұрғын алабы Жаңақұрылыс аумағының тұрғындары Леңгір тасжолының бойына жол қауіпсіздігі белгілерін орнатуға өтініш білдірді. Осыдан кейін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалы мәселені шешу жолын қарастырды. Еңбекші аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жауапты мамандарымен бірге қауіпсіздік мәселесін назарға алып, жылдамдықты шектеу белгілерін орнатумен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызу туралы шешім қабылдады. Осылайша, мәселе оңынан шешілді. 2,5 миллион теңге қаражат жұмсалды.