Санитарлық бұтау жұмыстары жүргізілді
Санитарлық бұтау жұмыстары жүргізілді
186
оқылды
«Nur Otan» партиясының  Шымкент қаласы Абай аудандық филиалына Самал 3, Яссауи көшесінің тұрғыны Рулан Тоқтарбайұлы Самал шағынауданына қарасты №136 мектеп жанындағы аяқжол өткеліне кедергі келтіріп тұрған ағаштарға санитарлық бұтау жұмыстарын жүргізуді  сұрап келді. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есемхан Қалмаханұлы Абай аудандық әкімшілік қызметкерлерімен жиналыс өткізіп, мәселе қарастырылды. Нәтижесінде, санитарлық бұтау жұмыстары жүргізілетін болып шешілді.  width= 18 қазан күні Самал шағынауданындағы №136 мектеп жанындағы аяқжол өткеліне кедергі келтіріп тұрған ағаштарға санитарлық бұтау жұмыстары жүргізіліп, мәселе оң шешімін тапты.