Шетелдік сарапшы әлем чемпионы болатын қазақ боксшысын атады
Шетелдік сарапшы әлем чемпионы болатын қазақ боксшысын атады
Фото: kazgazeta.kz
137
оқылды
The Fight Site журналисі Тейлор О'Хиггинс Белградта (Сербия) бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында кім жеңіске жететінін болжады. Британдық бокс шолушысы бес боксшыны чемпион болады деп болжаған. Олардың қатарына Қазақстан өкілі Махмұд Сабырхан бар. 2021 жылғы әлем чемпионатының 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалында қазақстандық боксшы жапониялық Томоя Цубоимен жекпе-жек өткізеді. "Шынымды айтсам, мен осы әлем чемпионатына бес дұрыс таңдау жасаймын. Сабырханды, Бижамов, Крус, Ла Крус және Домингесті бірінші орынға қоямын. Сондықтан үміттенейік!", – деп жазды журналист. Еске сала кетейік, жартылай финалда Сабырхан үнді боксшысы Акаш Кумарды жеңген болатын.