Талдықорғанда бір топ жігіт даяшыны соққыға жыққан
Талдықорғанда бір топ жігіт даяшыны соққыға жыққан
Талдықорғанда мас ер адамдар даяшыны соққыға жыққан.
5 қарашада сағат 01:30 шамасында мас бірнеше адам 18 жастағы Е. есімді азаматқа дене жарақатын салды, – деді Алматы облыстық полиция департаменті.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу үш жігіттің "Мирас" кафесінде алкогольді сусын тұтынғанын анықтады. Содан кейін олардың бірі мекеме даяшысымен сөзге келіп қалған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері күдікті деп танылған 20-25 жастағы үш азаматты ІІБ-ға апарды, тергеу амалдары жүріп жатыр.