Өзбекстан әлем чемпионатында "алтынсыз" қалды
Өзбекстан әлем чемпионатында "алтынсыз" қалды
Фото: YouTube
133
оқылды
Белградта бокстан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық жекпе-жек өтті. Өзбек боксшысы Абдумалик Халоков француз Софьян Умиамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімімен Умиа 5:0 есебімен жеңіске жетті. Софьян Умиа Францияға 2021 жылғы әлем чемпионатының алғашқы және жалғыз "алтынын" әкелсе, Абдумалик Халоков жарыстың күміс жүлдегері атанды. Осылайша, Өзбекстан құрамасы Белградтағы әлем чемпионатында "алтынсыз" қалды, өйткені финалда ел намысын тек бір боксшы ғана қорғады.