"Қуып жүріп ұрдым": Сабырхан финалда неліктен жеңілгенін айтты
"Қуып жүріп ұрдым": Сабырхан финалда неліктен жеңілгенін айтты
Фото: Sports.kz
177
оқылды
Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Махмұд Сабырхан финалдағы жеңілісіне қатысты өз ойын айтты, – деп хабарлайды Olympic.kz.
"Финалда не жетпей қалғанын білмеймін. Үшінші раундта көп ұрған сияқты едім. Қуып жүріп, ұрдым. Маған бермеді... Мақсатым  жеңіске жету еді. Жеңімпаз болмағаным үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Алда әлі талай әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындары бар. Сол сындарда алтын аламын. Осы әлемдік сынға Бақтияр Артаев ағамыз иеленген Вэлл Баркер кубогін аламын деп келіп едім. Орындалмай қалды", – деп көзіне жас алды Махмұд.
Белградтағы әлем чемпионатының финалында Махмұд Сабырхан жапондық Тамоя Цубойдан жеңіліп қалды.