«Мансабымды аяқтаған сәтте арманыма жеттім» – Теміртас Жүсіпов
«Мансабымды аяқтаған сәтте арманыма жеттім» – Теміртас Жүсіпов
Фото: vesti.kz
331
оқылды
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жеңісінен кейінгі әсері туралы айтты. 48 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Жүсіпов таиландтық Вуттичай Юрачаймен кездесіп, үшінші раундта нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.
– Әлем чемпионы болу  менің арманым еді. Міне, мансабымды аяқтайтын тұсымда осы арманыма қол жеткіздім. Осылайша өзімнің алдыма қойған мақсатты орындадым, – деді  боксшы Vesti.kz-ке берген сұхбатында.
Боксшы бұл жеңісін барша қазақ еліне арнайтынын айтты.
«Жанкүйерлерге қолдауы үшін алғысым шексіз. Финалдық кездесу болған соң, психологиялық тұрғыдан қиындау болды. Қарсыласым туралы айтар болсам, ол өте ыңғайсыз, жылдам қимылдайтын боксшы екен. Алайда бапкерлерімнің айтуымен жекпе-жек барысында оны жеңудің жолын таптым. Барша халқыма маған қолдау көрсеткені үшін бас иіп, рақметімді айтамын", – деді Теміртас Жүсіпов.