«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аяқталды
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аяқталды
684
оқылды

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен Тәуел­сіздіктің 30 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ар­да­герлерге құрмет көрсету мақсатында онлайн бейнероликтерді түсіру акциясы ұйым­дастырылды. Бейнероликтің мазмұны ардагерлердің өмір жолы, тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетістіктері және Елбасының мемлекет үшін еткен еңбегінің айқын көрінісіне арналған.

Негізгі міндеті – ұрпақтар сабақтастығын ны­ғайту және дамыту, аға буынды құрметтеуді наси­хаттау және баға жетпес өмірлік және кәсіби тә­жіри­бесін, адамгершілік құндылықтарын, тәуел­сіздік жылдарындағы елдің дәстүрлері, тарихы мен жетістіктері туралы тәжірибесімен бөлісу. Онлайн акция 1 қазан – Қарттар күніне орай бас­тау алып, бір ай уақыт бойы жүргізіліп келді. Әлеу­меттік желілерге республика көлемінде 1 700 арда­гердің бейнеролигі жүктелді. Акция қоры­тын­дысы бойынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ең танымал бейнеролик кейіпкерлері ара­сынан 30 ардагерге 100 мың теңге көлеміндегі ақ­шалай сыйлық табысталды. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы бойын­ша 2 ардагер жеңімпаз атанды: Абай ауданының ту­масы, ҚР және КСРО Журналистер одағының мү­шесі, партия ардагері – Совет Махметов және Аягөз ауданының тумасы, 1984 жылдан бері көлік жүр­гізушісі – Оразхан Манабаева. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың  «не болса да елмен бірге көремін, елмен бірге жүре­мін, елмен бірге қызмет істеймін» деген аталы сөзі ме­нің жүрегімде жатталып қалыпты»,– дейді ар­да­гер журналист Совет Махметов. Жыл көлемінде «Ардагерлерді ардақтайық» жо­басы «Jas Otan» Жастар қанатының назарынан тыс қалған емес. Партиялық жобаны ұйымдастыру мен өткізу алдағы уақытта да жалғасын таба бере­тін болады.

Би-Барыс КӨКШЕ