Тұрғындар шағымын тыңдады
Тұрғындар шағымын тыңдады
157
оқылды

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағ­дарламасы аясында Жол картасы жоспарының жүзеге асырылуы бойынша Нұр-Сұлтан қа­ласы мәслихатының депутаттары тұрғындармен кездесу ұйымдастырып жүр.

Жуырда мәслихат депутаты Ләз­зат Мұратқызы Нұр-Сұлтан қа­ла­сының Ғұмар Қараш көшесі тұр­ғындарымен кездесіп, Үкіметке ай­тар уәжін тыңдады.
«Елорданың қақ ортасында тұрса да тұрғындарда су, жарық, ка­нализация секілді өмір сүруге ең қа­жет тетіктер іске қосылмаған. Сондай-ақ әкімдіктің мақұл­дауы­мен талай жыл бұрын бұл көшедегі үйлер­ді сүруге шешім қабылданған. Бірақ үйлер апатты жағдай алдында тұрса да әлі күнге бұл мә­се­ле шешілмей отыр. Сонымен қа­тар, тұрғындардың құрылыс жа­сауына, үйлеріне жөндеу жұ­мыс­тарын жүргізуіне тыйым салынған. Әрі бұл үйлердің құрылыс мате­риал­дары өртке орану қаупі жоғары ма­териалдар болып саналады»,– деді Ләззәт Мұратқызы.
Ғұмар Қараш көшесінің бас жа­ғында 20 жыл бойы құрылысы біт­пей тұрған ғимарат бар. Оның апат­ты жағдайда тұрғаны өз алды­на, тұрғындар күн сайын сол маң­нан шаң мен тозаң жұтып, түрлі тех­­­­ни­каның иісін жұтып отыр. Сон­дай-ақ үлкен машиналар ойып кет­кен жолдармен жүріп, көктем мен күз айларында батпақ кешуге мәж­бүр. Кейде тіпті үлкен құрылыс көлік­терінің кесірінен тап-тар кө­шеден жаяу өтудің өзі қиынға соғады.⠀ Халық қалаулысы тұрғындар­дың арыз-тілегін тыңдаған соң, жауап­ты орган басшыларымен ха­бар­ласып, ресми хат жолдады. Ол осы мәселе бойынша «ИН­ТОНА­ЦИЯ» атты YouTube жоба­сын­да жауап­ты тұлғаларға нақты сұрақ қойып, жауап алуға тыры­са­ты­нын жет­кізді. Осылайша, бар­лық жұмы­сын ашық, бүкпесіз ха­лық алдына шы­ғаруды жоспарлап отыр.

Би-Барыс КӨКШЕ