Аяғы ауыр әйелдер мен балаларға вакцина салынады
Аяғы ауыр әйелдер мен балаларға вакцина салынады
208
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге екпе салына бастауы мүмкін. Оларға арналған «Пфайзер» вакцинасы екі аптадан кейін жеткізілмек.

Санитар дәрігерлердің айтуынша, бүгінде өңірде 235 мың адам вакцина алған. Соған қарамастан эпидемиологиялық ахуал тұрақталмай тұр. Соңғы тәулік ішінде тағы 163 адам індетке шалдыққан. «Вирустың тез таралуына карантин тәртібінің сақтал­мауы да себеп», – дейді мамандар. – Бірінші кезекте 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер екпе қабылдай бастайды. Содан кейін 12 жасқа дейінгі балаларға салынады. Бұл ерікті түрде, ата-аналарының рұқсатымен ғана болмақ, – дейді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

М.ТӨЛЕУ