Соттарға түскен арыз көп
Соттарға түскен арыз көп
215
оқылды

Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға 9 мыңнан астам арыз түскені хабарланды. Шағым иелері көп жағдайда мемлекеттік органдар жұмысына көңілі толмай, фемида өкілдерінің көмегіне жүгінген.

Судьялардың 60 пайызы арызданушы тараптың өтінішін қанағаттандырды. Яғни, процесс барысында құқықтарын толық қорғап шықты. Оларға заңдық тұрғыда көмек көрсетілді. Еске салайық, биыл 1 шілдеде елімізде мүлдем жаңа құрылым – әкімшілік соттар ашылған болатын. Олардың жалпы саны 21-ге жетті. Елорда мен Алматы және өңірлерде де бар. Құрылымға қосымша судьялар тартылды. Қазір олардың саны 2 300-ден асады. – Әкімшілік сот жүйесінің енгізілуімен 21 сот ашылды. Оған қомақты қаражат бөлінген жоқ. Қолданыстағы бюджетті игердік және жергілікті әкімдер ғимарат­тарды бөліп берді. Өз ресурстарымызды қолдандық, – дейді Жо­ғарғы Соттың ресми өкілі Айдос Сәдуақасов.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ