Транзиттік бағдар әртараптандырылады
Транзиттік бағдар әртараптандырылады

Мемлекет басшысы IV Қы­тай халықаралық им­порт­тық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады. Бұл туралы Ақор­да­ның баспасөз қызметі ха­бар­лады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейнеүндеуінде жиынға қаты­су­шыларды IV Қытай халықаралық им­порттық тауарлар көрмесінің ашы­луымен құттықтады. – Биыл біздің достас халық­та­рымыз өз тарихындағы маңыз­ды белеске жетті. Қазақстан Тәуел­­сіздігіне – 30 жыл. Қытай Ком­мунистік партиясының құрыл­ғанына – 100 жыл. Сондай-ақ екі айдан кейін тағы бір айтулы оқиғаны атап өтеміз. Қазақстан мен Қытай арасында дипло­ма­тия­лық қатынастардың орнаға­нына 30 жыл толады. Қарқынды да­мып келе жатқан Қытай елі әр­дайым Азиядағы ең басты және се­німді серіктесіміз болып қала бе­ре­ді, – деді Қазақстан Пре­зи­денті. Мемлекет басшысы өзара тиім­ді екіжақты ынтымақтастық кең-байтақ Еуразия құрлығында бірлесе дамуға және өркендеуге жол ашып отырғанына, сауда-эко­номикалық қатынастар – ық­палдастығымыздың берік ірге­та­сы екеніне тоқталып, алдағы ке­зең­де солай бола беретінін атап өтті. – Қиындыққа қарамастан, күр­делі 2020 жылдың өзінде екі­жақ­ты тауар айналымы 5 пайызға өсіп, 15 миллиард доллардан ас­ты. Пандемияға байланысты Қа­­зақстан-Қытай шекарасына ен­гізілген уақытша шектеу ша­ра­лары тезірек аяқталып, алыс-бе­ріс қайтадан жандана түседі деп се­неміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті құт­тық­­тау сөзінде сауда-саттық әр­дайым өркендеудің және халы­қ­ара­лық ынтымақтастықтың бас­ты қозғаушы күші саналатынын, бұл қағидат ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орна­лас­қан біздің өңір үшін де аса маңызды екенін айтты. – Осы ежелгі сауда жолы тө­ра­ға Си Цзиньпиннің «Белдеулер мен жолдар» атты ауқымды бас­та­масының арқасында қайта жаң­ғырды. Қазір жыл сайын Қы­тайдан Еуропаға Қазақстан ау­мағы арқылы 500 мыңнан астам кон­тейнер тасымалданады. Құ­рық теңіз айлағы іске қосыл­ған­нан кейін «Ляньюнган – Карс» та­сымал дәлізімен Қорғастан Ыс­­­­танбұлға жүк жеткізу мерзімі бес есеге, яғни 60 күннен 13 күнге дейін қысқарды, – деп атап өтті Мем­лекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­­стан тұрақты транзиттік тасы­мал бағдарын нығайтып, оны әр­тараптандырып, иннова­ция­лық логистикалық әдіс-тәсілдерді ен­­гізу үшін барлық мүдделі та­рап­­пен тығыз жұмыс жүргізе бе­ре­тінін айтты. – Бүгін есігін айқара ашқан Қы­тай халықаралық импорттық тауарлар көрмесі, шын мәнінде дү­ниежүзінің әр түкпіріндегі экс­портшыларды ұйыстыратын ор­талыққа айналды. Осы маңызды шараға 120-дан астам мемлекет­тен тауар өндіруші жиналып отыр. Осы көрмеге Қазақстаннан 30 ірі өнім өндіруші қатысуда. Олар жалпы құны 100 миллион дол­лардан асатын азық-түлік жә­не ауыл шаруашылығы өнімдерін сату­ға келісімшарт жасайды деп жос­парланып отыр, – деді Қазақ­стан Президенті.