Көмір бағасына мониторинг жасалды
Көмір бағасына мониторинг жасалды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері күннің күрт суытуына орай қала тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, көмір бағасын тексерді.

Қызылорда қаласы әкімдігі­нің мәліметіне сүйенсек, бүгінде қаланы қатты отын қорымен қам­­тамасыз ету мақсатында  KHAS COM  және «Қарымсақов» жеке кәсіпкерлермен меморандум жа­салған. 2021-2022 жылдарға ар­налған жылу беру маусымы ке­зеңінде Қызылорда қаласына қа­жет етілетін көмір көлемі ша­ма­мен 38 000 тоннаны құрайды. Қа­зір қалаға қажетті қатты отын­ның 33 000 тоннасы әкелінген. Зерделеу барысында Мұстафа Шо­қай көшесі бойындағы  KHAS COM  жеке кәсіпкерлігі 4 вагон (276 тонна) «Шұбаркөл» көмірін ва­гон­нан түсіріп, 14 400 теңгеден са­тып жатыр. Сонымен қатар  8 ва­гон көмір Қызылжар стан­са­сында тұрғанын жеке кәсіпкерлік өкілдері жеткізді. Сондай-ақ  қала әкім­дігінің өкілдері «Қарым­са­қов» жеке кәсіпкерлігінің 2 вагон таскөмірі жолда келе жатқанын айтып өтті. Партиялық бақылау комиссия мүшелері Қызылорда қаласы әкім­дігіне қаланы және қалаға қарас­ты елді мекендерде қатты жә­не сұйық отындарға тапшылық орын алмау мақсатында күнде­лік­ті қадағалауды және тиісті жұ­мыс­тар жүргізуді ұсынды. Жалпы, жылу беру маусымы ке­зеңін­де қала аумағындағы кө­мір тасымалдаушы жеке кәсіп­кер­лер тарапынан барлығы 60 000 тон­на көмір әкелу жоспарда тұр.  

Би-Барыс КӨКШЕ