«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері күннің күрт суытуына орай қала тұрғындарын қатты отынмен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, көмір бағасын тексерді.
Қызылорда қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде қаланы қатты отын қорымен қамтамасыз ету мақсатында KHAS COM және «Қарымсақов» жеке кәсіпкерлермен меморандум жасалған. 2021-2022 жылдарға арналған жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына қажет етілетін көмір көлемі шамамен 38 000 тоннаны құрайды. Қазір қалаға қажетті қатты отынның 33 000 тоннасы әкелінген. Зерделеу барысында Мұстафа Шоқай көшесі бойындағы KHAS COM жеке кәсіпкерлігі 4 вагон (276 тонна) «Шұбаркөл» көмірін вагоннан түсіріп, 14 400 теңгеден сатып жатыр. Сонымен қатар 8 вагон көмір Қызылжар стансасында тұрғанын жеке кәсіпкерлік өкілдері жеткізді. Сондай-ақ қала әкімдігінің өкілдері «Қарымсақов» жеке кәсіпкерлігінің 2 вагон таскөмірі жолда келе жатқанын айтып өтті. Партиялық бақылау комиссия мүшелері Қызылорда қаласы әкімдігіне қаланы және қалаға қарасты елді мекендерде қатты және сұйық отындарға тапшылық орын алмау мақсатында күнделікті қадағалауды және тиісті жұмыстар жүргізуді ұсынды. Жалпы, жылу беру маусымы кезеңінде қала аумағындағы көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер тарапынан барлығы 60 000 тонна көмір әкелу жоспарда тұр.Би-Барыс КӨКШЕ