«Астана» бас бапкерсіз қалды
«Астана» бас бапкерсіз қалды
170
оқылды

Бір кездері елордалық клуб сапында өнер көрсеткен Тихонов араға 11 жыл салып, 2020 жылдың қазан айында клубтың бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын.

Ресейлік жаттықтырушының жетекшілігімен «Астана» ел біріншілігінде 2020 жылы қола жүлде алса, биыл күміс жүлдегер атанды. Ендігі кезекте бас бапкердің міндетін Владимир Ежуров атқарады. Аталған маман команданы Қазақстан кубогінің жартылай финалдық ойынына дайындайды.

Айта кетейік, бұған дейін, Андрей Тихоновтың орнына «Каспийдің» бас бапкері Срджан Благоевич келетіні жөнінде ақпараттар тараған еді. Қазіргі уақытта сербиялық маман бұл орынға басты үміткер саналып отыр.