Футболдан Чемпиондар лигасына елімізден екі команда қатысады
Футболдан Чемпиондар лигасына елімізден екі команда қатысады

Еуропаның элиталық турнирінде еліміздің намысын екі команда қорғайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еуропа ұлттық қауымдастықтарының әйелдер футболы рейтингінде Қазақстан тоғызыншы орында тұр. Соның арқасында Еуропаның элиталық турнирінде еліміздің намысын екі команда қорғайды. Олар Қазақстан чемпионы – шымкенттік «БИІК» пен біріншіліктің күміс жүлдегері – түркістандық «Томирис-Тұран» командалары. Естеріңізге сала кетейік, 2021/22 маусымынан бастап әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы жаңа форматта ойнатылады. Командалар алғашқы турдан бастап Чемпиондар жолы мен Лига жолында бірнеше топқа бөлінеді. Екі жолдың да іріктеу кезеңі бірдей. Бірінші кезеңде командалар шағын турнирлер форматында жарысады, оның жеңімпаздары топтан шығады. Екінші айналымда командалар жұптасып, бір-бірімен өз алаңында және түзде ойын өткізеді.

Айта кетейік, қазақстандық екі команда да жарысқа алғашқы турдан бастап қатысады.