Келес ауданында учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны хабарласып, белгісіз жағдайда жалғызбасты көршісі жоғалып кеткенін жеткізді, – деп хабарлайды "Отырар" басылымы.
Бірден шақыртуға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Берік Айдосов шықты. Тәртіп сақшысы оқиға орнын мұқият тексеру барысында, үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қанның іздерін байқады. Анықталғандай тереңдігі 2 метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқан, оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтқан."Табылған мәйіт бойынша полицей кезекші бөлімнің 102 пультіне хабарлады. Бірнеше минут ішінде аудандық бөлімнен жедел-тергеу тобы келді. Криминалистер тексеру кезінде мәйіттен көптеген көгерген тұстары мен гемотомаларды тапты. Аталған жайт ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша Келес АПБ-нің СДТБТ-ға тіркелді. Мән-жайды анықтау үшін полицейлер, қайтыс болған ер азаматтың таныстарын, олармен қарым-қатынасын, өмір сүрген салтын зерделеді. Үзіліссіз жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінен ұстады" делінген хабарламада.Белгілі болғандай, жас жігіт туысының үйіне келген. Екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жас жігіт өзінің ауыр қылмысын жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.