Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Фото: kfb.kz
161
оқылды
Қазақстандық боксшылар Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) Белградта өткен әлем чемпионатындағы финалдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Финалда екі боксшының да қарсыласы америкалық: Бибосынов Роско Хиллмен, ал Теміржанов Джамал Харвимен кездеседі. Финалдық жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге  2021 жылғы әлем чемпионатында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Финалдың екінші күні басталар алдында Қазақстан медальдік есепте Ресей (1-1-2) мен Жапониядан (2-0-0) кейінгі үшінші орында тұр.