Алматыда жылу жүйесінің ақауы салдарынан бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды.
«5 қараша күні, таңертенгі 08:30-да Алматы қалалық ТЖД-ге Бостандық ауданының Нұрлытау ықшамауданында пештің ақауы салдарынан төрт адамнан тұратын отбасы (үйді жалдаушылар) улы газбен уланғаны туралы хабарлама түсті. Үш баланың анасы 40 жастағы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Алайда, оның балалары 20 және 12 жастағы ұлдары, 11 жастағы қызы орташа және жеңіл дәрежелі ауыр халде ауруханаға түсті. Тексеру барысында пештің жарықшақтары мен тесіктері болғаны анықталды. Соның салдарынан үйге улы газ тарауы мүмкін», – деп түсіндірді қалалық ТЖД-де.Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы бір қалыпты. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.