«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жектің негізгі шартын атады

«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жектің негізгі шартын атады

Екінші орта дивизиондағы WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Мексикалық боксшы журналистер сұрағына жауап бере отырып, алдымен қазақстандықтан сұрау керек екенін айтты.

"Алдымен GGG-ден сұраңыз, 168 фунтқа көтерілуге дайын ба? Жеке өзім кез келген адаммен жекпе-жекке шығуға дайынмын", – деп жауап берді Альварес ESPN сұрағына.
Айта кетейік, Альварес пен Головкин екі жекпе-жек өткізді. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижеде, ал екіншісі бір жылдан кейін мексикалықтың жеңісімен аяқталды. 7 қарашада Альварес Лас-Вегаста орта салмақтағы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізеді.