СҚО-да жол апатынан 2 адам зардап шекті
СҚО-да жол апатынан 2 адам зардап шекті
Фото: Видеодан
Солтүстік Қазақстан облысы Петерфельд елді мекенінің маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, апат Петропавл - Мамлютка тасжолында, Петерфельд елді мекенінің маңында болған. Қатты соққыдан екі көлікке де айтарлықтай зақым келді. Адамдар аман. Жол-көлік оқиғасына қатысты Қызылжар аудандық полиция бөлімі түсінік берді. «6 қараша күні сағат 12.00-де «Челябі-Новосібір» автожолының 516 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Audi мен Toyota Corola жеңіл көліктері соқтығысып қалды. Toyota машинасының жүргізушісі мен жолаушыларына медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр», - делінген хабарламада.