Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Серік Теміржанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: sputnik.kz
158
оқылды
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Белградта бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Теміржанов америкалық Джамал Харвимен "алтын" үшін таласып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Серік Теміржанов 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның екінші күміс жүлдегері атанды.