Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық қарсыласын жеңді
Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық қарсыласын жеңді

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов (2-0, 1 КО) кәсіпқой мансабындағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Нұрдәулетов Ақтауда өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті. Оның қарсыласы өзбек Фаррух Джураев (6-4-1, 2 КО) болды. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептеліп, төрешілердің шешімімен Нұрдәулетовтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Бекзат Нұрдәулетов профессионал - үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Фаррух Джураев мансабындағы бесінші рет жеңіліске ұшырады. Қазақстандық кәсіпқой дебютін өткен жылдың қазан айында өткізген болатын.