«Мақсатыма жете алмай қалдым» – Серік Теміржанов
«Мақсатыма жете алмай қалдым» – Серік Теміржанов
Фото: saryarqanews.kz
148
оқылды
Белградта бокстан әлем чемпионатындағы 57 келі салмақ бойынша финалдық кездесулер аяқталды. Жарыстың күміс жүлдегері атанған Серік Теміржанов финалдағы жекпе-жегін қорытындылап, пікір білдірді. “Дайындық, барлығы жақсы болды. Бірақ  финалдағы қарсыласым менен қарағанда жылдам екен. Жылдамдығына ілесе алмай қалдым. Қателіктерді дұрыстап, нәтижені өзгертуге тырысамыз. Мақсатыма жете алмай қалдым. Мақсатым  әлем чемпионы атану еді. Жекпе-жектен кейін көңіл күй түсіп қалды”, – деді боксшы Оlympic.kz-ке берген сұхбатында. Қазақстан құрамасы бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды.