Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 25 адам коронавирустан, үш адам пневмониядан қайтыс болған. 7 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 950 адам коронавирус инфекциясынан (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:- 7 401 пациент стационарда,
- 33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
- 558 адамның жағдайы ауыр,
- 142 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 115 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.