Бір жыл ішінде қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсайтын ақшасы – 12%, азық-түлік емес тауарларға – 24%, ал ақылы қызметтерге 35% өсті. Осы жылдың екінші тоқсанында жан басына шаққандағы шығыс 197,6 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5% көп, - деп хабарлайды Informburo.kz порталы.
2020 жылдың осы кезеңінде шығыс 166,7 мың теңгені құраған еді, бір жылда 4,8% өскен. Ең көп шығыс келесі өңірлерде тіркелді:- Алматыда жан басына шаққанда – 275,5 мың теңге, бір жылда 17,7% өскен;
- Қарағанды облысы – 247,2 мың теңге, бір жылда 22% өскен;
- Павлодар облысында – 237,3 мың теңге, бір жылда 30% өскен.