«Абай» шахтасындағы апат: көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы беріледі
«Абай» шахтасындағы апат: көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы беріледі
Фото: tengrinews.kz
171
оқылды
Қарағанды облысының Абай шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасына баспана беру, несиелерін өтеу мәселесі пысықталады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағандыда өтіп жатқан онлайн брифингіде мәлімдеді. Ол оқиға кезінде қаза болған кеншілердің үй ішіне қандай көмек көрсетілетінін атады.
«Жұмысшы мен жұмыс беруші арасында бекітілген еңбек шарты бойынша, қаза болғандардың бәрінің отбасына 10 жылдық ақшалай тіршілік шығыны төленеді. Бұдан кейін жеке келісімшарттар аясында несиелерін жабу мәселесі қарастырылады. Қазір студент болып жүрген балалары болса, олардың оқуын төлеу мәселесі міндетті түрде ескеріледі. Қолда бар жеке еңбек шарттарының аясында компания мұқтаж отбасыларға баспана беру мәселесін де пысықтайды», - деді министр.